Мамырдағы еңбек демалыстарына өзгерістер енгізілді

17 сәуірде ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов «Демалыс күндерін ауыстыру туралы» Үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды BNews.kz Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 

«Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдай жасау және жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында демалыс күні жексенбі 2014 жылғы 4 мамырдан жұма 2 мамырға, сонымен қатар жексенбі 11 мамырдан бейсенбі 8 мамырға ауыстырылды», - делінген хабарламада. 

Осылайша, қазақстандықтар 1-3 мамыр күндері демалады, жексенбі 4 мамыр жұмыс күні, сондай-ақ 7-10 мамыр демалыс, жексенбі 11 мамыр жұмыс күні болады. 

Қаулыға сәйкес қажетті өнімдер шығару, қызметтер көрсету, қаржылық қызметті қосқанда еңбек, материалдық және қаржылық ресурстармен қамтылған ұйымдарға, сондай-ақ құрылыс нысандарын іске қосуға байланысты, кәсіподақ ұйымдарымен келісім арқылы 2014 жылдың 2 және 8 мамырында жұмыс жүргізуге құқық беріледі. 

Аталған күндерге еңбекақы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес төленетін болады.


http://bnews.kz/kk/news/post/199129/

Joomla templates by a4joomla