Кәдеев Пайзулла

             Пайзулла Кәдеев 1928жылғы  8 қараша Бөген ауданындағы (қазргі Ордабасы ауданы) Киров атындағы совхоздың «Көкбұлақ» ауылында дүниеге келді. Еңбек жолын 1944 жылы колхозшы болып бастады.Шымкенттегі педучилищені үздік бітіріп, Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетінің журналистика бөліміне оқуға түсті. Журналист мамандығын алып, 1954 жылы Ақмола облыстық газетінде әдеби қызметкер болып істеді.

         1957- 1965 жылдары Оңтүстік өлкелік «Оңтүстік Қазақстан» газетінде әдеби хатшы, бөлім меңгерушісі, бөлім редакторы, ал 1965-1974 жылдары Бөген аудандық және Арыс қалалық газеттерінің редакторы, 1974- 1990 жылдары «Оңтүстік Қазақстан» газеті редакторының орынбасары қызметтерін атқарды. 

       Пайзулла Кадеев 1990 жылы құрметті демалысқа шыққаннан кейін, Қазақстан Журналистер одағы Шымкент облыстық ұйымы басқармасының жауапты хатшысы болды. Шымкент қалалық әкімшілігі аппаратында жұмыс істеді.

         Пайзулла Кадеев 14 медальмен, ВДНХ – ның күміс медалімен марапатталған.

Пайзулла Кадеев тармағы.


Joomla templates by a4joomla