Шадиев Смат

  Шадиев Смат Жаманқұлұлы ақсақал 1917 жылы Қазығұрт ауданы «Красный партизан» елді мекенінде(Сары тепсенде) дүниеге келген. Әкесі Жаманқұл орта шаруа адам болған. Смат ақсақал 3 жасында анасынан айырылған, 13 жасында әкесі Жаманқұл «Пошан-Датқаның» тұқымы деп, 1930 жылы саяси қуғын-сүргінге ұшырап, Сталиндік зорлық-зомбылық, бай-кулактарды тап ретінде жою мақсатындағы саясатының үштік жазалаушы жүйенің, яғни ЧК ОГПУ НКВД-ның құрбаны болды. Содан Сіргелі Пошан датқадан қалған жалғыз «Тұяқ» Смат ақсақалдан айырылып қалмау мақсатында Жаманқұлдың інісі «Шәді» ата бір түнде тау асып, Өзбекстаннның Ахангаран тауларындағы Құрама елді мекеніне көшіп бас сауғалаған. Онда өзі секілді қашып келген ағайындармен «Түйекеш» болып жұмыс атқарған. Содан Қазақстанға, яғни Сарыағаш ауданы Қызылжар елді мекеніне 1950 жылдары көшіп келіп, «Красный боевик» колхозы кейіннен «Жамбыл» атындағы колхозда өмір бойы колхозшы болып жұмыс атқарған, жалпы еңбек өтілі 60 жыл, бұл жылдар аралығында бірнеше рет аудандық, колхоздық басқармасынан «алғыстар» алған. ҚР президентінің 2010 жылға 19 наурыздағы № 951 жарлығымен Шадиев Смат ақсақал «1941-1945ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Зейнеткерлікке шыққаннан соң көп жылдар атқа мініп, көкпар шабатын аттарды бабтаған, ғасыр жасаған қария екенін бәріміз білеміз. Смат ақсақал 6-ұл, 3-қыздан +27 немере,+ 24 шөбере сүйген қария. «Датқа»тұқымы Смат қария, тегінде «Датқа»сөзі парсы тіліндегі тілек, «Әділдік иесі» деген ұғымнан шыққан. Қоқан жазбагерлері 1236 жыл (һижраша) деп отырғаны- біздің санақпен 1821 жыл. Тарихтан әсіресе, оңтүстік тарихынан хабары бар адамдарының бәрі біледі. Қоқан билеушілері ата-бабаларымызға қатыгез саясатын ұстаған. Олар халыққа салынатын салықтың мөлшерін жылдан-жылға арттырып отырған және жыл сайын хан сарайына жасы 17-ге толмаған сұлу да түр-тұрпаты шырайлы жас қыздарды алып отырған. Сол себептен қазақтар бекерге көтерілген жоқ. Солардың бірі Ақпан батыр мен Ойсыл-Сіргелі Пошан дақтада қол жиып, Шымқалаға шауып, Қоқан билеушілерінен босату мақсатында күрес жүргізген. Бір-ақ қолдың аздығынан Арыслан бек Ақпанды да Пошанды да қолға түсіріп, екеуінде Қоқанға алып келіп зымданға жапқан. Ақпан батыр тура қырық жаста екен, Пошан тым жас болатын. Үш айдан кейін Әлім хан екеуіне де бостандық береді.(бұл бостандықтың үлкен сыры бар...). Қазақтар арасында Қазақ елінің мүддесі үшін Қоқан хандығына қарсы күреске шыққан талай датқалар өткен. Солардың бірі, тарихтағы ірі тұлғалардың бірі Ойсыл-Сіргелі Пошан-Датқа осы айтылып жатқан Смат қарияның бабасы болып келеді. Бұл ақсақалдың кейінгі бабаларының бірі Кермолда бабамыз да, Қара суды кері ағыза алатын «ұлы ғұлама молда»болғаныда біздерге аян.

 

Шадиев Смат Жаманқұлұлы тармағы.
Joomla templates by a4joomla