Арзықұлов Батыр

 

 

      Арзықұлов Батыр Ешанқұлұлы Сарыағаш ауданы Жамбыл селолық советінде 1949 жылы 3 қарашада дүниеге келген.

1968-1984 жылдары әр салада өз мамандығы бойынша жұмыс атқарған. 1984-1986 жылдары Сарағаш «Селхозхимия» кәсіпорнында эксплуатация бөлімінің бастығы, 1986-1987 жылдары Сарағаш аудандық «Райсельхозхимия» бірлетігінде аға  инженер-механигі, 1987-1999 жылдың 3 қарашасынан 2012 жылдың 3 қарашасына дейін ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Сарағаш аудандық аумақтық инспекциясының бас маман – мемлекеттік техникалық қадағалау инспекторы қызметін абыроймен атқарып 63 жасында зейнеткерлікке шықты.

Ауылшаруашылығы саласындағы еңбегі барысында барлық жұмыстарға өте белсенді және ұқыпты үлкен жауапкершілікпен қызметтер атқарды. Атап айтқанда көктемгі дала жұмыстарында, егістікті зиянкестерден қорғау, яғни шегірткемен күрес сияқты науқанды жұмыстарды өте белсенді азамат екенін байқатты. Одан басқа тұрғылықты жері Қызылжар ауылында қоғамдық жұмыстарға, жол салу мен көпір салу және ауыл өміріне өзіндік үлесі бар қайратты азамат. Ауыл, аудан және облыстынэкономикалық дамуына үлкен үлес қосқан.

Атқарған қызметтері жоғары бағаланып, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 ж 14 желтоқсандағы Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 1-267Ө өкімімен «Облысқа сіңірген еңбек үшін» медальдермен, «Сарағаш ауданының құрметті азаматы» атағы беріліп, Оңтүстік Қазақстан облысы агроөнеркәсіптік кешені еңбеккерлері кәсіподағы қоғамдық бірлестігінін «Еңбек даңқы» белгісімен, бірнеше рет алғыс хаттармен және «Сарағаш қаласына 40 жыл» төс белгісімен марапатталған.

Бүгінде Батыр Арзықұлов жары Пернегул Қарымсаковамен 3 ұл 3 қыз өсіріп тәрбиелеп, 21 немере сүйіп отырған аяулы ата.

Арзықұлов Батыр Ешанқұлұлы тармағы.
Joomla templates by a4joomla