Ергешалы Мамыраев

 Оңтүстік Қазақстан облысында соңғы жарты ғасырда білім саласын дамытуға бір топ шоғыр жұлдыздай ел перзенттері олшеусіз үлес қосқанын ел іші жыр қылып айтады десек болады. Бұд күнде олардың есімдері ел ішінде құрметпен аталады. Сондай, саналы ғұмырын халқына қалтқысыз қызмет етуге арнап, білімді де, білікті кадрларын тәрбиелеп шығарған зиялы азамат, үлкен парасат иесі Ергешалы Мамыраев туралы айтудың  оңайға түстпесі анық. Ойткені, байсалды мінезді, байыпты ойлы ерен еңбектің иесі не атақ, не ммансап қууды мақсат етпепті, не орасан еңбегін жарнамалап «жақсы атты» болуды көздемепті. Отаншылық қасиетті, шынайы тазалықтан тұратын кемел ойдың иесі еңбегін елінің алдындағы перзенттік борышым дегенді ұстанғандықтан, 53 жылдан бері тек тынымсыз еңбекті ғана біліпті деуімізге болады.

Білім саласының білгірі, ұстаздардың ұстазының ұстазы болып есептелетін Мамыраев Ергешалы 1936 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданының Бадам ауылдық округіне қатасты Көкбұлақ ауылында дүниеге келіпті. Ленгір қаласында орта мектепті бітіргеннен кейін өз ауылында колхозшы болып істейді. Жастайынан білімге құмарлығымен, зеректігімен ерекшеленетін ауыл бозбаласы Шымкент мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсіп, оны бітірсімен туған ауылына мұғалімдік қызметке келді. Жас іздемпаз кадр аз уақытта-ақ өзінің іскерлігімен танылып, 1964 жылы осы ауданның Абай атындағы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне жоғарылатылады. Бұл кезең кеңестік білім жүйесінде жаңашылдықтың бел алып, білім беру сапасын жақсартуға сабақта техникалық құралдарды кеңінен пайдалану, көрнекті құралдарға барынша жол ашу сияқты өзкті мәселелер күн тәртібіне шығарылғанкезі еді. Осындай жаңашылдықты мектеп өмірінде іліп әкететін білімді де, іздемпаз жас «завучтың» жарқын істері ауданна асып, мұғалімдер білім жетілдіру институтына қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдіскері қызметіне шақырылып жаңа қызметінде облысытың білім беру саласының тыныс тіршілігіне етене араласуды бастап кетеді. Жаңа қызметкер өзінің терең білімділігімен ғана танылып қоймай үлкен ұйымдастырушылық қаблетімен көріне білгендіктен, 1966 жылдың қазан айында облыстық халыққа блім беру бөлімінің мектеп испекторы қызметіне тағайындалады. Мамыраев Ергешалының облысымыздағы білім саласының сапалық деңгейін көтеріп, облыс мектептерінде ғана емес, аудандық білім бөлімдеріне сала жұмысының жаңашылдықпен жүйелі жолға қойылуына зор үлес қосқан кезеңі еді бұл.

Облыста білім беруді кабинеттік жүйеге көшірудің қат-қабат жұмыстарының басында жүрген мектеп-инспекторы Е.Мамыраев қай жерге іссапарға бармасын, мәселенің байыптылықпен қолға алынып оң нәтижесін беруге барынша қолдау көрсете білген. Іздемпаз да, іскер инспектор білім беру саласы жұмыстарын ұтымды ұйымдастырудың әдістерін үйретумен бірге, жетістіктерге жеткен озат іс-тәжірбиелерді жинақтап, оны өміршең етуге байланысты мектеп инспекторы Е.Мамыраевтың озық іс-тәжірбиесі республика, Одақ көлемінде таратылады.

Іс-қағаздарын жүргізуге өте ұқыпты, білгенін үйретуге ерінбейтін «Об ОНО инспекторы» Е.Мамыраевтың қызмет барысымен жүріп өткен жерлерінде тек үлгі, өнегенің қалғанын облыстың төрт  бұрышы аңыз етіп айтуы тектен-тек болмаса керек. Е.Мамыраевтың «мектебінен» шықтық дейтін мұғалімдердің мектеп директоры, ал мектеп директорынан оқу бөлімі бастықтары, түрлі партия кеңес қызметкері болып шығуы соның айқын дәлелі болса керек. Олардың саны аз емес және осы күнге дейін қызметте келе жатқандарың саны қаншама.

Облыстық партия комитеті мен облыстық білім бөлімі 1984 жылы Е.Мамыраевқа үлкен сенім көрсетіп, Ордабасы аудандық бөлім бөлімі менгерушісі қызметінің тізгінін тапсырады.

Тұған жерінің өскелең ұрпағына уақыт талабына сай сапалы білім мен өнеге боларлық тәрбие берудің жауапты жүгін көтерген мемлекетшіл азамат әріден ойластырған ауқымды жұмыстарды батыл қолға алады. Бірінші білім беру сапасын жақсартуды жүйелі жолға қоюдан бастап, мектептің ішкі көрінісінен сыртына дейін бала ғана емес, көргенжан сүйсінерліктей, әрі үлгі өнегелік көрініс берерліктей болуына табандылықпен жүзеге асырылады. Әсіресе, мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту, мектептерде пәндік оқытудың кабинеттерін жүйеге көшіру жедел қолға алынып, кең ауқымда жүзеге асырылады. Екінші, ескірген мектеп ғимараттарын салдыруды басты мақсат етіп, ат үстінен түспей жүріп игі істердің жүзеге асырулына қажырлы  қимыл көрсете біліпті. Соның нәтижесінде аудандағы Ш.Уәлиханов, М.Ломоносов, С.Сейфулин, А.Құнанбаев, С.Ысмайылов, Арыс мектептерінің шәкірттері материалдық-техникалық базасы жасалынған, жаңа типтік мектепте білім алу куанышына кенеледі.

Болмысынан байпты, ойлы, артық сөзі жоқ, аптығуға да, әбиржуге де бой алдырмайтын мәдинетті, іскер азамат Ергешалы Мамыраев аз уақытта ауқымды істердің атқарылуына бастамашылық жасай біліп, жерлестерінің құрметіне бөлінеді. Танымсыз еңбек, жан-жақты ізденіс, жарқын істердің өміршендік табуына жұмсаған қажымас қайрат ер еңбегін елеусіз қалдырмай, абырой биігінен көрсетті. Ел игілігіне сіңірген еңбегі бағаланып, Е.Мамыраев ауданың өкілетті органының депутаты, Қазақстан КП аудандық партия комитетінің мүшесі және облыстық ХХVI партия конференциясының, Қазақстан мұғалімдерінің  V және VI  съезінің делегаты болып сайланады. Бұл кезде білім саласы жұмысын жақсартудағы Е.Мамыраевтың жинақтаған озат іс-тәжірбиесі Одаққа белгілі болып қалған болатын. Сала жұмысының кәсіби шебері, білгір басшысы Ерекең 1988 жылы Бүкіл Одақтың халық ағарту қызметкерлерінің съезіне қатысады. 

Е.Мамыраев облыстық партия комитеті ұйғарымымен 1987 жылы облыстық Абай атындағы мұғалімдердің білім жетілдіру институтының бірінші басшысы қызметіне жоғарлатады. Бұл кезде іскер қадырларға лауазымды жауапты қызметтің  тізгінін беруде әлі де, тұрақтылықтың, халықтық іске жанашырлықтың көзқарасы бар болатын. Сондықтан да, Ордабасы (сол кездегі Бөген) ауданының бірінші басшысының Е.Мамыраевты аудандық білім беру бөлімі бастығы қызметінен жібергісі келмей «іскер коммунист бізге де керек, партиялық есептен шығармаймын» деп бұлқан-талқан болуы ел ішінде аңыз болып тарап кеткен.

Жаңалыққа жаны құмар, іздемпаз маманның ерен сауаттылығымен бірге, мектеп өмірін жақсы білу де Ерекеңнің осы қызметіндегі оң тірлектері институт өміріне де үлкен өзгеріс жасап, оның мектептермен етене байланусына мүмкіндік береді.

Республикалық орталық институтпен тығыз шығармашылық байланыста жұмыс істеуді жолға қойып, мұғалімдерге әдісмелік жәрдем беруді ұйымдастырып, озат әдістерді зерттеп, жинақтап таратуды жандандырды. Білім жетілдіру курстарының сапасын жақсартуды ұжым болып қолға алды. КСРО көлеміндегі озат Минскінің, Москва облыстық, Алтай өлкелік, Ташкент қалалық, Ленинград облыстық институттары сияқты «Педагог кадырларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау» деген атаумен құрамында үш кафедрасы бар, мәртебесі жоғары, ғылыми дәрежелі мамандармен толықтырылған ұжым құрылады.

Осындай ілкімді істердің нәтижесінде институт ұжымы 1995 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасымен марапаттталды. Осы институттың базасында бірнеше рет республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға, педагогикалық оқуларға жасаған баяндамаларының өзі бір төбе. Осы 40-тан астам ғыдыми мақалалар, 7 кітапша, сырттай оқитын студенттерге арналған «Педагогика» (Ж.Ысқақовпен бірге), «Үйсін Төле бидің шешендік сөздері мен толғамдары» (С.Қалиев, К.Нәлібаевпен бірге) көмекші оқу құралдары жарияланған.

Осындай нәтижелі еңбегі үшін ҚР Жоғары Аттестациялық комиссияның шешімімен 1993 жылы оған «Педагогика доценті» атағы берілді.

Ергешалы Мамыраевтың жарты ғасырлық ерен еңбегіне лайықты баға беріліп, «Еңбекте үздік шыққаны үшін», Ы.Алтынсарин, «Еңбек ардагері» медальдарымен, ҚР Білім министрлігінің, Республикалық Педагогикалық қоғамның, олыстық партия комитеті мен атқару комитетінің, облыстық мәслихаттың Құрмет Грамоталары мен КСРО, ҚазССР Білім беру ісінің үздігі төсбелгілермен марапатталған.

Отбасында 7 перзенттен 24 немере, 7 шөбере сүйіп отырған мейірімді қария.  

Мамыраев Ергешалы тармағы.

       

Joomla templates by a4joomla