Серікбаев Шарип Серікбайұлы

 

              Ш.С. Серікбаев 1936 жылдың 6 мамырында Шымкент облысы, Ордабасы ауданы, Көкбұлақ ауылында дүниеге келген. 1953 жылы Шымкент қаласындағы Қ.Сыпатаев атындағы орта мектепті бітірген.

         1953-1957 жылдар аралығында Алматы педагогикалық институтының физика-математика факультетінде білім алған.

         Еңбек жолын 1953 жылы Шымкент педагогикалық институтының жалпы физика кафедрасында оқытушы болып бастаған. 1967-1970 жылдар аралығында Мәскеу қаласындағы Патриса Лумумба атындағы Достық университетінің аспиранты; 1972-1981 жылдары аралығында жалпы физика кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарған.

         1970 жылы кандидаттық дисертациясын қорғап шыққан. 1973 жылы ҚСРО ЖАҚ шешімімен доцент ғылыми дәрежесі берілген. Ұзақ жылғы жемісті еңбектері бағаланып "Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері" белгісімен марапатталған. Отбасында үш перзенті және алты немересі бар.

         Ш.С. Серікбаев 1981 жылдың 27 қарашасында дүние салды.  

 

 

 

 

Joomla templates by a4joomla