Шежіре (Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет)

 

 Шежіре, (арабша шаджарат — бұтақтармақ) — тарих ғылымының халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы. Ру, тайпалардың тарихын ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, қалыптасқан ресми Шежіре барлық халықтарда кездеседі. РесейГерманияАнглияФранция және көптеген шығыс елдерінде Шежіренің көп томдық жинақтары шыққан. БашқұртөзбектүрікменқырғызСібір халықтарында Шежіре дерек көздері ретінде молынан кездеседі. Шежірені шежіреші қарттар ауызша таратып отырған. Сондықтан оны кейбір ғалымдар далалық ауызша тарихнама (ДАТ) деп те әспеттейді. Кеңес өкіметі заманында Қазақстанда Шежірені зерттеу, оны тарихи дерек ретінде пайдалану идеологиялық саясат әсерінен көп қолға алына қойған жоқ. Дегенмен, Х.АрғынбаевМ.МұқановВ.Востров, т.б. этнолог ғалымдар еңбектері тарапынан ішінара көрініс тапты. Жалпы Шежірені жинақтаған көнекөз қариялардың көмегімен қазақтың ру-тайпаларының өткені туралы біршама мәліметтер алуға болатындығы 18 ғасырда белгілі болды. 18 — 19 ғасырларда мұндай Шежірелердің біразын Н.Аристов,А.ЛевшинВ.ГригорьевЛ.МейерП.РычковМ.ТевкелевН.ГродековИ.АндреевШ.УәлихановГ.Н. ПотанинӘ.Диваев, т.б. зерттеушілер жазып алып, ғылыми айналымға енгізді. Алынған жинақтар Шежіре деректері орта ғасырлардан бастау алатындығын, тіпті жекелеген нұсқалары Адам атадан басталатындығын айқындады. Кейбір Шежіре нұсқалары ортағасырлық деректемелермен де ұштасып жатты. Рашид әд-ДинҰлықбекӘбілғазы,Бейбарысибн Халдун, т.б. көптеген ортағасырлық авторлардың еңбектерінде белгілі бір тұлғалардың, ру-тайпалардың, халықтардың шығу тегі таратылып, бірнеше ұрпақтар алмастығы өрбітіліп отырды.
A.
Шежірелер кітабы.

Түркі, соның ішінде қазақ ойшылдары топтаған Шежірелердің ең бағалылары — Мұхаммед Хайдар Дулат пен Қыдырғали Жалайыридың еңбектері болып саналады. Сондай-ақ “Көшен-Қарауыл шежіресі“ (18 ғасыр), “Жәңгір хан шежіресі“ (1835), Уәлиханов жазып алған “Ұлы жүз шежіресі“, А.Ниязовтың “Үш жүздің шежіресі“, А.Жантөриннің Шежіресі, Потанин жазып алған Мұса Шорманұлы Шежіресі, Ө.Бөжейұлының “Қазақ жұртының шежіресі“, Қ.Бірімжанұлының бастауымен жинақталған “Орта жүз және Кіші жүздің шежіресі“ (1894), “Насабнама“ сынды шығармалардың да құндылығы жоғары. Шежірені топтаудағы дерегі мол еңбектер қатарына Ш.Құдайбердіұлы, Қ.Халиди, Мәшкүр Жүсіп Көпейұлы, Н.Наушабаев, Торғай би жинаған “Үш жүздің шежіресі“ (Гродеков жазбасында), Диханбай батырдың “Ұлы жүз шежіресі“ (Аристов жазбасында) сынды жұмыстар жатады.[1] Қазақ Шежіресінде тайпа, ру, аталардың таралуымен қатар, оларға байланысты тарихи оқиғалар, елдің қоныс аударуы, бір ел мен екінші елдің қарым-қатынасы, ол елдерден шыққан шешендер, батырлар жайлы әңгімелер қоса жазылады. Қазіргі таңда Шежірені дерек көзі ретінде қарастырып, одан алынған мәліметтерге ғылыми пайымдаулар жасау, тарихи материалдармен байланыстыру біршама жолға қойылып келеді. Қазақ тайпаларының Шежіресі “Өнер“ баспасынан бірнеше том болып басылып шықты. “Алаш” ғылыми-зерттеу орталығында (жетекшісі Х.Ғабжәлелов, Т.Омарбеков) Шежіре деректері жинақталып, қазақ ру-тайпаларының нақты тарихы жанжақты баяндалуда. Шежіренің қазақ қоғамындағы рөлі, одан алынатын құнды мағлұматтартарихшы мамандар тарапынан зерттелу үстінде. .[2]

http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A8%D0%B5%D0%B6%D1%96%D1%80%D0%B5

 

 

Joomla templates by a4joomla