Алла жар болып, кітаптағы мәлімметтерді түгел енгіздік. Мәліметтерді енгізу барысында келесі мәселелер болды және олар толық шешілмеді:

- Кітапта ата-бабалары толық анықталмаған деп көрсеткен тармақтарды енгізу мәселесі. Сайтта есімдерді сақтау реті кітап сияқты болмағандықтан жүзеге асыру қиындау болды. Мысалыға Базарбай тармағын кітапта Сақ бабасынан тараған, бірақ  арадағы қай тармаққа қосылатынын белгісіз деп жазған. Шешімі ретінде, басқа жолы болмағандықтан, Сақ тармағына "Толық анықталмаған тармақтар" деп ұрпағын көрсетуге тура келді. Сол көрсеткен тармаққа анықталмаған Базарбай әулиетінін ұрпақтарын енгіздім.

- Кітапта кейбір ұрпақтардың есімі ата-бабасыз көрсетілген. Мысалыға Ыстамкүлдан Мекенбай деген, бірақ Ыстамқұл қай атаның ұрпағы екені көрсетілмеген. Бірақ мұндай жағдайлар көп емес. Әзірге өкінішке орай шешімі болмады.

Қазіргі кезде Алматыда Дінмұхамбет бастаған заматтар жаңа шежіреге ұрпақтар туралы мәліметтерді қайта жинап жатыр. Сол азаматтар мәлімттерді саралау барысында кітаптағы кейбір тармақтар дұрыс берілмеген дейді.

Сондықтан сайттағы мәліметтер дұрыс көрсетілмеген болса, түзеу үшін хабарласуларыңызды сұраймын.  

 

Joomla templates by a4joomla