Өздеріңіз білесіздер қазақта шежіреге тек ұлдардын есімі жазылады. Бірақ сайттын мақсатын кішкене өзгерткім келді. Сайтты тек тарихи шежіре ретінде дамыту емес, отбасылық, ағайындық қарым қатынасты енгізілген мәлімметтер арқылы жақындастыратын, отбасының әр мүшесі туралы ақпаратты сақтайтын және қызықты, қуанышты жаңалықтармен бөлісетін ақпаратты-тарихи сайт ретінде дамыту. Өйткені отбасының әр мүшесі сол отбасының тумасы деген құқы бар.  

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін отбасы туралы толық ақпарат шежіреге ену үшін ұлдармен қатар қыздардын және келіндердін  есімін енгізу мүмкііндігін жасадым. Егер өздерініздің отбасыларыныздағы мүшелерін толық енгізгілеріңіз келсе, онда маған хабарын беріңіздер.

Joomla templates by a4joomla