Құрметті ағайын - бауырлар, қазақ ұлтының тектілігін, ұрпақ жалғастығын көрсететін оның тарихи шежіресі. Сол шежіредегі Қаракөңірдек тармағын алдарыңызға сайт арқылы электронды нұсқасын ұсынып отырмын.

       Шежіредегі негізгі мәліметтер Сейд Мырзатайұлы мен Ергешалы Мамырайұлы аталарымыздың туындысы «Сіргелі Қаракөңірдек шежіресі» кітабынан алынған.

       Шежірені электронды нұсқада ұсынудың келесі негізгі тиімділіктері бар:

-     қазіргі замандағы интернеттің (ғаламтор) дамуы. Қазақстанда жылдан жылға қолдану көрсеткіші артып келеді. Көлік және коммуникация министрлігінің мәліметі бойынша 2012 жылы қолданушылар саны 9 миллион 400 мыңға жеткен;

-      қажетті ақпараттар мен ата-бабаларының тармағын іздеу және  ыңғайлы түрде алу мүмкіндігі;

-     шежіредегі мәліметтерді тез уақытта жаңарту мүмкіндігі. Мысалыға, бүгін есімі берілген сәби туралы мәліметті сайт арқылы жіберсе, бір-екі күн ішінде енгізуге болады;

-   шежіреде ұрпақтардың, тұлғалардың өмірбаянын, жетістіктерін және басқа да қажетті ақпараттарды толық (кітап сияқты интернет шектелмеген) және уақытылы  ұсыну мүмкіндігі.

-    Сайтты басқа да қажетті, әр түрлі бағыттағы (тарих, спорт, музыка және т.б.) мәліметтермен толықтыру мүмкіндігі.

-    Сайттың функционалдық мүмкіндіктерін түскен ұсыныстарға байланысты кез-келген уақытта өзгертулер енгізу және дамыту.

 

Шежіреге әлі толықтай мәлімет енгізілген жоқ, сондықтан сіздерден шамалы уақыт берулеріңізді сұраймын. Мәлімет толық енгізілгені туралы арнайы хабар беремін. Сол хабардан кейін шежіреде мәлімет толық немесе қате енгізілсе хабар беруіңізді сұраймын.

           

Сайт авторы: Шорабеков Ғалымжан Өсербайұлы

 

Joomla templates by a4joomla