Танысу Дастарханы, 22.08.2015 ж.

Дінмұхамед, Қуандық, Базарбай ағалар бастаған топ 2015 жылдың 22 тамыз күні, Алматы төңірегіндегі Қаскелен ауыл аймағында Базарбай ағаның бауында Алматыдағы Қаракөңірдек бауырларды жинады. Бұл жиынның негізгі мақсаты ағайындарды бір бірімен таныстыру еді.

 

Қазақтың салт-дәстүрі бойынша мал сойылып құран оқылды. Жиынға ағайындар отбасыларымен келіп, керемет табиғаттын аясында ағайындарымен танысып көңілдері көтеріліп, бір серпініп қалды. Осы жиынға арналып өлеңдер де оқылды:

Бір жұрты Қаратаудың Сіргелі еді,
Сіргелі өз жұртынын іргелі еді.
Кешегі Пошан Датқа заманында,
Қоқанның тағына ол мінген еді.

Ұрпағымыз батырлар мен даналардың,
Ұрпағымыз елін сүйген ағалардың.
Өткен тариx тоқырауының тамырларын,
Таразыға салып оны бағалар кім?

Өз бауырын көзіне ілмегенді,
Жетесіз дейді жеті атасын білмегенді.
Ризалығы үшін бабасының аруағына,
Құдайысы қой сойып бермегенді.

Ар-намысын үстін қойып кететін,
Тариxы бар шежіресі сыр шертетін,
Ойсыл баба Сіргелінің ұрпағымыз!
Қазағы үшін жүрегі селк ететін.

Келе жанқан ертеден асқақ арман,
Шашыралып, таралып, сыртта қалған,
Біріктіріп бір атаның балаларын,
Үлгі алғай бүкіл қазақ баласы, ағалардан!

Пайғамбардың жасына келген бүгін,
Ақ сөйлеп, адал күлетұғын,
Көптің мұңын, қадірін білетұғын,
Кеңес берсы көңілім толатұғын,
Базарбайдай ақсақалды би сайлайық,
Рудың басы, ақылшысы болатұғын!

Өленнің авторы Магжан Махмудулы - Пошан Датка бабамыздың бесінші ұрпағы.

Сонымен қатар жиналған ағайындардын толық қолдауымен Базарбай аға Алматыдағы Қаракөңірдектер биі болып сайланды. Салт дәстүрмен ағамызға шапан жабылып, ат мінгізілді.

Жиыннан Нұрболат бауырымыз түсірген фоторепортажды ұсынамын;

 

 

 

 

 

 


 

 

 Құрметпен Шорабеков Ғалымжан.

 

 

 

 

 

 

 

Joomla templates by a4joomla