Зиярат атақоныс Шынар-2018 (видео):



Хабарландыру

 

Ағузу билләһи минәш шәйтәнир-рожим.                                                       

Бисмилләһи-рохманир-рохим.

 

Атақоныс  «Шынарға» зиярат жасау

             08 мамыр 2018 жыл

 

Шарапхана – Шынар аралығы 31 км (24 км асфальт + 7 км таулы-тасты  жол)

 

                    ЖОСПАР:

Атақоныс «Шынарға» жиналу таңғы сағат -08.30-09.00;

Зиярат жасау уақтысы 09.00-14.00;

Зиярат бағдарламасы:

1) «Аңыз-абыз болған Шынар анамыздың зияратына» құран бағыштау;

2)  «Шегірбай ата қорымына» құран бағыштау;

3) «Үлкен қорымға» құран бағыштау;

4) «Шынар бұлағы жанындағы қорымға» құран бағыштау;

5) «Құрманбек кәлпе қорымына» құран бағыштау;

6) «Майлы бұлақ қорымына» құран бағыштау;

7) «Таужығар баба бастауына» құран бағыштау;

 

Құдайы тамақ уақтысы сағат 14.00, биылғы «құдайы тамақ дастарханын» Шадиевтер әулеті ұйымдастыруда (Сары-ағаш, Қызылжар ауылы), құран бағыштау (Дінмұхамет қажы);

 

Сағат 15.00 жалпы жиын:

1)                Билер алқасы (Алмас би)

2)                Атақоныс Шынардың «шырақшысы Нариман» көкеге сөз беру.

3)                Түрлі-түрлі сұхбаттар.

4)                09 мамыр мен 01 шілде аралығында «сауап жинау акциясы».

Өтініш: Билеріміз бен ақсақалдарымыз «қазақи-ұлыттық» нақышта киіну, билеріміз билік белгісі «қамшыларын» өздерімен бірге алып келуі қажет. Зияратқа келген жамағат өз ата-бабалары жайында «тарихи деректер мен оқиғаларды» біліп келуі қажет. Бұл мәліметтер видео таспаған түсіріледі.

 

Ескерту: Шипалы Шынар бұлақтарынан ыдыстар алып-  келіп «шипалы су» алып кетулеріңізге болады.

                                                  Ізгі ниетпен Қуандық қажы.

 

Шынар бұлағы

 

Атақоныс Шынар бұлағының суын Гидрология және Геоэкология институтының лабораториясында химиялық анализ жасатылды. Анализ нәтижесімен таныс болыңыздар.

 Shynar bulagi

Анализ Шынар булагы 1.jpg

 

Жоғарыда көрсетілген анализ нәтижесі судың құрамында адам ағзасына керек минералды қоспалардың көп екенін көрсетті. 

Құрметпен Қуандық қажы.

Зиярат атақоныс Шынар-2017 (фото):



Зиярат атақоныс Шынар-2017 (видео):



Хабарландыру

Ағузу билләһи минәш шәйтәнир-рожим.                                                       

Бисмилләһи-рохманир-рохим.

 

Атақоныс  «Шынарға» зиярат жасау

             09 мамыр 2017 жыл

 

Шарапхана – Шынар аралығы 31 км (24 км асфальт + 7 км таулы-тасты-сулы-сазды  жол)

 

          ЖОСПАР:

Жасалатын сауапты іс-шаралар:

1)                Шегірбай атаның басына «көк тас» қою;(Олжас Жүсіпбайұлы жауапты)

2)                Шынар бұлағы жанындағы қорымға «көк тас» қою;(Арзықұлов Батыр ақсақал жауапты)

3)                Шынар анамыздың басындағы «қара тасты» тазалап-өңдеу;(Құрмаш Құрбанұлы жауапты)

4)                Ескі қорымды толық қоршау.(Жамағат жауапты)

 

Атақоныс «Шынарға» жиналу таңғы сағат -08.30-09.00;

Құран бағыштау (Дінмұхамет қажы); мал сою мен дастархан жасау (Аманғали және т.б.) 09.00-14.00;

Қорымдарға қызмет ету уақтысы (жамағат) сағат 09.00-14.00;

Құдайы тамақ уақтысы сағат 14.00, құран бағыштау (Дінмұхамет қажы);

Сағат 15.00 жалпы жиын:

1)                Билерді таныстыру (Алмас би)

2)                Атақоныс Шынардың қазіргі иесі Нариман көкені «шырақшы» етіп тағайындау.

3)                Атақоныс Шынардағы ХХ-шы ғасырда румыздың шырағын өшірмеген Шегірбай ата жатқан қорымға «Шегірбай ата қорымы»-деп атын беру.

4)                09 мамыр мен 01 шілде аралығында «сауап жинау акциясы».

5)                Түрлі-түрлі сұхбаттар.

 

Ескерту: Билеріміз бен ақсақалдарымыз «қазақи-ұлыттық» нақышта киіну, билеріміз билік белгісі «қамшыларын» өздерімен бірге алып келуі қажет. Зияратқа келген жамағат өз ата-бабалары жайында «тарихи деректер мен оқиғаларды» біліп келуі қажет. Бұл мәліметтер видео таспаған түсіріледі.

                                                       Ізгі ниетпен Қуандық қажы.

Астана өңірінің би сайлауы

Видео:

Joomla templates by a4joomla